Вернуться к Новости и События
Новость

“АДАЛДЫҚҚА ҰМТЫЛУ“

 

 

«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ»
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖММ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ
АРНАЛҒАН  “АДАЛДЫҚҚА ҰМТЫЛУ“ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

2022 жылғы 07 Желтоқсанда “Қазақмыс “Корпорациясының Технологиялық колледжі” ЖММ- де  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған “Адалдыққа ұмтылу” қалалық байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты-оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, қазіргі қоғамның мәселелеріне қызығушылық, белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы болды.

Қаламыздың  колледждерінің студенттері атап  айтқанда:”Қазақмыс “Корпорациясының Технологиялық колледжі” ЖММ, “Денсаулық” колледжі ЖММ және Сәтбаев индустриалды колледжі КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған флешмобты көрсете отырып, креативті форматта өнер көрсетті. Сайыста қатысушылар би билеп , ән орындап, қазақтың халық музыкалық аспабы-домбырада ойнап сыбайлас жемқорлыққа деген теріс ниеттерін білдірді.

Шақырылған қонақтардың қатарында Сәтбаев қаласының әкімдігінің өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінен, Қоғамдық кеңес, Сәтбаев қалалық мәслихаты және бұқаралық қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының лекторы болды:

  • Мәдиева Марал Сағынайқызы – «Қоғамдық кеңес» төрағасы, Мемлекеттік қызмет ардагері, қалалық ақпараттық түсіндіру тобының лекторы
  • Қонысбай Нұрлат Аманбайұлы – Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі
  • Дүйсенбина Ботакоз Аманжоловна – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аса маңызды істер жөніндегі офицері.
  • Мухамбетгалиева Шолпан Сафарбековна – Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, қалалық ақпараттық түсіндіру тобының лекторы.
  • Сейтпеков Дәулет Муратбекұлы – “AQSHAM” телеарнасының коммерциялық директоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының лекторы.

Іс-шараның қорытындысы бойынша шақырылған өкілдер арасынан құзыретті қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

I орын – “Қазақмыс” корпорациясының Технологиялық колледжі”ЖММ;

I орын- КММ Сәтбаев индустриалды колледжі.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттармен мен сыйлықтар табысталды.


Колледж әкімшілігі

Медиа новости

1 из 1

Другие новости и события по теме

Новость
December 21, 2022
Список обладателей государственного образовательного заказа педагогических и медицинских специальностей, база 9 класс

Список обладателей государственного образовательного заказа педагогических и медицинских специальностей, база 9 класс

Подробнее
Новость
December 21, 2022
Учащийся ЧУ "Технологический колледж копорации "Казахмыс" участвовали в региональном конкурсе мастеров художественного чтения

Учащийся ЧУ "Технологический колледж копорации "Казахмыс" участвовали в региональном конкурсе мастеров художественного чтения

Подробнее
Новость
December 21, 2022
С 15 по 21 марта в ЧУ «Технологическом колледже корпорации «Казахмыс» в преддверии праздника Наурыз было запланировано и проведено большое количество мероприятий.

С 15 по 21 марта в ЧУ «Технологическом колледже корпорации «Казахмыс» в преддверии праздника Наурыз было запланировано и проведено большое количество мероприятий.

Подробнее
Новость
December 21, 2022
ПРЕДМЕТНО-ЦИКЛОВАЯ НЕДЕЛЯ ЭЛЕКТРОМЕХАНИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ ПО ПРОВЕДЕНИЮ НЕДЕЛИ ПРЕДМЕТНО-ЦИКЛОВОЙ НЕДЕЛИ ЭЛЕКТРОМЕХАНИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН

Подробнее

Как нас найти

+7 (71063) 23149, 23160
tkksatpaev@edu.kz, tkksatpaev@mail.ru
Мекен жай: Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев ғимарат 1
https://tkk.mycollege.kz/