Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

15-21 наурыз аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.

15-21 наурыз аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Мерекеде мейірімділік, қуаныш пен шаттық орнады. Білім алушылар іс-шараларға қызығушылықпен қатысып, қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен танысты, ойындар ойнады.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Туған өлкенің өмірі мен мәдениетімен танысу, жас ұрпақты адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеуге, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, оқушылардың жоғары патриоттық сенімін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді, оларды мәдениетке және ой еңбегіне баулиды, жас ұрпақтың мінез-құлқын қалыптастыруға және азаматтық қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді.

15-17 наурыз аралығында колледж білім алушылары арасында қол күрес, арқан тарту, волейбол спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Колледж білім алушылары ойынға қызығушылық танытып, белсенді қатысты.

 

Волейбол жарысына 8 команда қатысты, топтардан: ТР-41, ТР-42, ГМ-41, ГМ-43, ГМ-31, ГМ-21, ГМ-22 және 1 курс студенттері. Волейбол жарысының қорытындысы бойынша:

1 орын: ГМ-22 командасы

2 орын: 1-ші курс студенттерінің командасы

3 орын: ГМ-21 командасы.

Қол күрес  жарысының қорытындысы бойынша:

1 орын ТР-31 тобының студенті Қадырлыұлы Алдияр

2 орын ТР-41 тобының студенті Нұрболат Сәулет Нұрболатұлы

3 орын ГМ-22 тобының студенті Ақаш Ержан Ерболатұлы.

Арқан тартыс жарысының қорытындысы бойынша:

1 орын: ГМ-21 тобы

2 орын: ГМ-11 тобы

3 орын: ТР-41 тобы.

 

17 наурызда «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінің білім алушылары оркестірі РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ қатысты.

20 наурызда колледждің үш  корпусында үлкен дастархан жайылып, ұлттық тағамдардың ең негізгісі наурыз-көже қойылды. Қазақтың салт-дәстүрін еске түсіріп, құттықтау, бата тілектер айтылды. Іс-шараның соңында 1-2 курс білім алушыларымен «Қара жорға» ұлттық би байқауы өтті. Білім алушылар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы білімдерін көрсетті.


Колледж әкімшілігі

Медиа жаңалықтар

1 из 7

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2023 ж. 30 наурыз
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 30 наурыз
"Қазақмыс" копорациясының Технологиялық колледжі "ЖММ білім алушылары аймақтық көркем сөз оқу шеберлігінің байқауына қатысты

"Қазақмыс" копорациясының Технологиялық колледжі "ЖММ білім алушылары аймақтық көркем сөз оқу шеберлігінің байқауына қатысты

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 30 наурыз
15-21 наурыз аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.

15-21 наурыз аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.

Толығырақ
Жаңалық
2023 ж. 30 наурыз
ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ ПӘНДІК-ЦИКЛДІК АПТАЛЫҒЫ

ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ ПӘНДІК-ЦИКЛДІК АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7 (71063) 23149, 23160
tkksatpaev@edu.kz, tkksatpaev@mail.ru
Мекен жай: Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев ғимарат 1
https://tkk.mycollege.kz/