Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ММ-де СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КӘСІБИ ТЕСТІЛЕР

29.04.2022 ж. Сәтбаев қаласының Білім бөлімі мен ЖМ «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» бірлескен кестесіне сәйкес 13 орта мектептің 9 сынып оқушылары үшін келесі мамандықтар бойынша кәсіби сынамалар өткізілді:

- 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), біліктілігі «Техник-электромеханик»  /қазақ тілінде/ ;

-07240200 Маркшейдерлік ісі,

біліктілігі «Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардағы өлшеуші», Маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы», «Техник-маркшейдер» /қазақ тілінде/;

- 07140100 Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (профиль бойынша), біліктілігі оқытатын «Техник-электромеханик» /орыс тілінде/;

- 05320100 Геологиялық түсіру, пайдалы қазбаларды кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша), біліктілігі «Геологиялық жұмыстардағы жұмысшы», /орыс тілінде/ «Техник-геолог».

    Студенттік Парламент фракциясының өкілдері оқушыларға колледждің қоғамдық өмірі, фракцияның жұмысы туралы айтып берді, одан кейін мектеп оқушылары дәрісханаларға барып, болашақ мамандықтары туралы ақпарат алды.

Арнайы пәндер бойынша жетекші оқытушылары Нурмухамбетова А.А., Коресендович К.Е., Сагимбекова Г.Р., Какимжанова Г.А., Ондыбаева М.С., Ахметова Г.Д. теоретикалық бөлімді мәлімдеп, әрбір біліктілік бойынша практикалық бөлігін көрсетті. 2 курс студенттері белсене қатысып, слесарлық-механикалық шеберханадағы станоктарда жұмыс көрсетті, бұл оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мектеп оқушыларына оқу полигонының тәлімгерлері техникамен таныстырып қызығушылақтарын арттырды. «Пневмоавтоматика және электромеханика», «Тау-кен машиналары», «Электротехника және КЭЭЖ» зертханалар оқушыларға болашақ мамандықтарын анықтауларына мүмкіндік берді. Кәсіби сынамаларды оқытушылар, оқу полигонының тәлімгерлері және ГМ-21 және ТР-21 топтарының 2 курс оқушылары ұйымдастырды. Кәсіби сынамада алынған мәлімет мектеп оқушыларының мамандық таңдауын қалыптастырады. Ол мамандықтар әлемі туралы білімді біріктіреді, таңдалған кәсіби қызмет түрінің ерекшеліктерін қабылдауға психологиялық тұрғыдан дайындайды, оқушының жеке қасиеттерінің мамандық талаптарына сәйкестігін, таңдалған кәсіби қызмет саласына қатынасын практикалық тексеруді жүзеге асырады. Өткізілген кәсіби сынамалардың қорытындысы ретінде оқушылар ұсынылған мамандықтарға қызығушылық танытып, мамандық таңдауда дұрыс шешім жасайды деп санауға болады.

 


Колледж әкімшілігі

Медиа жаңалықтар

1 из 18

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 11 мамыр
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 11 мамыр
"Қазақмыс" копорациясының Технологиялық колледжі "ЖММ білім алушылары аймақтық көркем сөз оқу шеберлігінің байқауына қатысты

"Қазақмыс" копорациясының Технологиялық колледжі "ЖММ білім алушылары аймақтық көркем сөз оқу шеберлігінің байқауына қатысты

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 11 мамыр
15-21 наурыз аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.

15-21 наурыз аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде Наурыз мейрамы қарсаңында көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 11 мамыр
ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ ПӘНДІК-ЦИКЛДІК АПТАЛЫҒЫ

ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ ПӘНДІК-ЦИКЛДІК АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7 (71063) 23149, 23160
tkksatpaev@edu.kz, tkksatpaev@mail.ru
Мекен жай: Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев ғимарат 1
https://tkk.mycollege.kz/