Біз туралы

 

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» жеке меншік мекемесі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма шешімімен құрылды (Басқарма отырысының 2008 ж. 23 сәуірдегі № 16 хаттамасы).

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» жеке меншік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. (тіркеу туралы куәлік №38-1930-26-ТОО (ИУ) 04.10.2007ж.).

  «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ директоры ретінде «Қазақмыс» корпорациясының» ЖШС Басқарма шешімімен Букашкина Елена Викторовна тағайындалды (Басқарма отырысының 2008 ж. 23 сәуірдегі №16 хаттамасы). Педагогикалық қызметкерлердің жалпы саны – 52 адам, соның ішінде штаттағы қызметкерлер – 35 адам, яғни штаттағы оқытушылардың үлесі 67,3 %. Жоғары және бірінші санаттары бар штаттағы оқытушылардың үлесі оқытушылардың жалпы санынан 48,6 % құрайды.

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледж құрамына:

-  жалпы аумағы 1812 м2, пайдалысы 1335 м2 болатын теориялық білім корпусы, үлгілік ғимарат;

-  жалпы аумағы 892,1 м2 және 875 м2, пайдалысы 762 м2 және 735,7 м2 болатын екі практикалық сабақтар корпусы, үлгілік ғимараттар;

-  жалпы аумағы 2289,6 м2, пайдалысы 1570,7 м2 болатын 5 қабатты теориялық сабақтар ғимараты, бейімді ғимарат кіреді.

Ғимараттардың жалпы аумағы 5868 м2, пайдалысы 4404 м2 құрайды. Кабинеттер мен зертханалар төрт оқу корпустарында орналасқан. Колледжде 20 орындық жатақхана бар.

  Колледжде мультимедиялық жабдықтар мен техникалық оқыту құралдары бар 32 оқу кабинеттері орналасқан. 7 компьютерлік класс бар, компьютерлер локалдық жүйеге біріктірілген, IDSL технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты Ғаламтор желісі бар, үлгілік зертханалық стендтермен жабдықталған 4 зертхана бар.

  Жетістіктер

Колледждің білім беру үдерісіне дуалдық оқыту жүйесі енгізілген. Білім сапасын тәуелсіз бағалауды тапсыру бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болу. Колледж оқушысы Капен Жалғас Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған мәнерлеп оқу бойынша облыстық байқауда 1 орын алды.

  Мамандықтар туралы ақпарат

  «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес төмендегі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізеді:

жұмысшы кәсіптері:

0705000 – «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу», біліктілігі 0705062 «Жер асты қондырғылардың машинисі»

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 98%

0707000 – «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», біліктілігі 0707102 «Конвейер машинисі»

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 90%

0711000 – «Маркшейдер ісі», біліктілігі 0711033 «Техник-технолог».
Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 77%

Оқуға түсуге арналған құжаттардың тізімі:

Оқуға қабылдау туралы өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, білім туралы құжаттың түпнұсқасы, флюорография түсірілімі бар №086-У үлгісіндегі медициналық анықтама, 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет.

Байланыстар:

Мекен жай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., Абай к. теориялық сабақ корпусының ғимараты КТМ №1.

Қабылдау кабинеті: +7 (71063) 2-58-18, факс: +7 (71063)2-58-24, 2-58-18

Email: tkksatpaev@mail.ru

 

 

 

 

Толығырақ

Біздің біліктіліктеріміз

Өтінімді қалдыру
Бағдарлама атауы
Басталуы
Мерзімі
Барлық бағдарламалар (0)
Мұнда оқыдыңыз ба?

Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.

Пікір қалдыру

Бізді қалай таба аласыз

Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., Абай к. теориялық сабақ корпусының ғимараты КТМ №1.
https://tkk.mycollege.kz/